lat: BÚLDİRGEN
жер бауырлап түп-түп болып өсетін ұсақ жидекті өсімдік. Көбінесе таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде өседі. Түрлері: сиыр бүлдірген сабағы жіңішке әрі ұзын, ұсақ тікенекті жеміс (ежевика); қой бүлдірген (земляника); тас бүлдірген (костянка) алқызыл, қышқыл дәмді, жемісті, ормандарда өсетін өрік, шие тәрізді сүйекті жеміс. Бүлдірген балшырынды және дәрілік өсімдік, оның жапырақтарының жемісі халық емшілігінде кеңінен қолданылады.