lat: BÝDKA
ор. зат. Күзетші немесе қарауыл үшін арнайы салынған кішкене бас қалқа.
Сәми ептеп жылжып, үлкен екі қабат тас үйдің күзетші отыратын будкасына жақындады (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).
Көпір аузындағы будка алдында әскери киінген күзетші тастан құйған тұлғадай тым-тырыс тұр (Ж.Жұмаханов, Қаракөз.).
Қарсы алдындағы үй магазин болу керек, жанында мыжырайған қарауыл будкасы бар (К.Тоқаев, Тасқын).