lat: BÝGER-VEBER ZAŃY
(кейде – Вебер заңы) – белгілі бір сенсорлық жүйе соған бейімделген тітіркендіргіштің шамасына І айырым табалдырығының ÄІ тура пропорционалды тәуелділігі: ÄІ/І=К(соnst). Психофизикалық заң түйсіктің күшін болар-болмас өзгертетін тітіркендіргіштер шамасының алғашқы негізгі шамасына жетілдіретін тұрақты қатынасын білдіреді: I – тітіркендіргіштің алғашқы негізгі шамасы, ÄІ – оның өсімшесі, К-тұрақты (константа).
Бір өлшемдес сенсорлық тітіркендіргіштерді саралау жағдайы үшін белгіленеді. Вебер қатынасы деп аталған К коэффициенті әр алуан сенсорлық тітіркендіргіштер үшін әртүрлі: дыбыс жоғарылығы үшін – 0,003; көрінетін жарық үшін – 0,02; дыбыстардың қаттылығы үшін – 0,09 және т.б. Ол түйсінудің болар-болмас өзгерісін алатындай болу үшін тітіркендіргіш ұлғаюы не кемуі тиіс болатын шаманы тіркейді. Бұл тәуелділікті XVIII ғасырда француз ғалымы П.Бугер анықтап, кейін оны неміс физиологі Э.Г.Вебер егжей-тегжейлі зерттеді. Бугер-Вебер заңының одан әрі дамытылуы және түсіндірілуі Фехнер заңы болып табылады (қараңыз: Вебер-Фехнер заңы).