БУХГАЛТЕР

lat: BÝHGALTER

[нем. Buchhalter, buch- кітап, halten - ұстау] зат. Кәсіпорында және шаруашылықта есеп-қисап жұмыстарын жүргізуші қызметкер; бухгалтерия ісінің маманы; есепші.

Дос-жолдастар жол бойы

Кездескенде бас салар.

Шартқа отыру,

Қол қою,

Бухгалтерлер,

Кассалар (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Мектепбайдың бұл сөзінен мен бөлімше бухгалтерінің қаламға оңтайлы жігіт екенін аңғардым (С.Омаров, Дала қызы).

Колхоздың бухгалтері Болотенко жолдастың айтуынша, тек клуб пен мектеп үйін салуға колхоз 4 800 000 сом қаражат жұмсаған (Көктем лебі).