lat: BÝLA
ет. 1. Бір нәрсені буға ұстау.
Кешкі тамақ - жармадан булап пісірілген пудинг немесе суға пісірілген вермишель және ірімшік (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.).
Сабанды, қатты пішенді малға булап, жұмсартып беру керек (Ш.Қалықов, Қой. ауру.).
Мұндай жағдайда ішінде бадам гүлдері бар дорбаны ыстық суға малшылап, денені булайды (С.Сұбханбердин, Өсімдік - дәрі.).
2. Жалату, жағу.
Күмісті булағандай сары алтынмен,
Күлді күн әшекейлер нұрға батып (Қ.Жұмалиев, Қыр. күрес).
3. ауыс. Балқыту, елжірету, маужырату.
Көптен таныстай осы бір ыстық леп булап өзіне тартады (К.Тоқаев, Тасқын).
Жасарып жайнап тұрмын ширап-қунап,
Жанымды қуаныштың лебі булап.
Құшақтап мауқымды бір басайыншы,
Жүрегім шыдамай түр оттай тулап (Қ.Айнабекұлы, Өлеңд.).