«Əдебиет танытқыш» еңбегінде алғаш рет қолданған термин. Бунақ буындары – буын түрлеріне қарай бөлінген өлең өлшемі. Қазақ өлеңі силлабик. өлең жүйесіне, яғни буынға негізделеді. Сондықтан ғалымның өлең өлшемі не қатысты зерттеулері қазақ əдебиет теориясы ның жасалуына алғышарт болды. Автор өлеңде жалғыз буынды бунақ болмайтынын, ал бунақта буын саны екіден кем болмайтынын айтады. Жырдан басқа өлеңде бунақтың екі түрі: үш буынды бунақ жəне төрт буынды бунақ қолданылады. Ал екі буынды бунақ жар-жар түріндегі өлеңдер де ғана кездеседі. Сол себепті автор үш буынды бунақ пен төрт буынды бунаққа тоқталады.