lat: BÝNKER
[ағыл. bunker] зат. Сусымалы ұсақ заттарды (астық, көмір, руда, мақта т.б.) жинау үшін, оларды өздігінен түсіру үшін арнайы жасалған қорап, шанақ.
Оралбеков дереу комбайнды тоқтата қойып, бункердегі астықты мәшиненің кузовына суылдатып құя салды (Р.Тоқтаров, Қыран.).
Шахтадан вагонеткамен келген руда бункерге құйылады да, онан әрі қарай лентамен барып ұсақтайтын, майдалайтын машиналарға түседі (А.Машанов, Жер асты.).
Бункердегі мақтасын қырманға төгіп, жүйекке машинасын қайта сала берген қыз [Айша] құлағына сырт жағынан бір кісінің даусы естілді («Лен. жас»).