lat: BÝNKER
зат.өск. Қорғану және т.б. мақсаттар үшін жер астынан арнайы жасалған қуыс орын.
- Сен білесің бе, Вася, - деді маған Анатолий, - менің Днепрдегі бункерім әлі сол баяғы күйі бүп-бүтін тұр (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).
Мәжит барлау жөніндегі тапсырманы орындап жүріп, немістер тығылып отырған бір бункердің үстінен шығады. Сөйтіп 63 жауды штабқа айдап әкеледі («Қазақст. мұғ.»).
Америка Құрама Штаттары мен Солтүстік альянс халықаралық терроршы Усама бен Ладеннің Желалабадтың оңтүстігіндегі алып бункерде жасырынып отырғанына толықтай дерлік сенімді еді («Егемен Қазақстан»).