БУНТ

lat: BÝNT

[нем. Bund] зат.1.саяси. Стихиялы түрде кенеттен болған шағын наразы топтың көтерілісі.

Жымпиты жігіттерімен сөйлесіп, әңгімелесіп тыңдап отырсаң, едәуір қызық қылып «алашорданың» үкіметіне солдаттардың қарсы бунт шығарғанын сөйлейді (С.Сейфуллин, Шығ.).

- Айтеке баласы Оральскідегі казактар бунтында ұстатпай кеткен дейді. Әлде сен солмысың?! (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).

2. ауыс.экспр. Айқай-шу, төбелес.

Мен өз басым, қараңыз,

Содан көрдім соққыны:

Бунт жасайды баламыз,

Мультфильмі жоқ күні (Қ.Мырзалиев, Ақ отау).