lat: BÝNTAR
ор.зат. Әр нәрсеге (билеуші тапқа, қалыптасқан жүйеге т.б.) наразы болушы, қарсы тұрушы бүлікшіл адам.
- Жә, жетті! Осы күнге дейін бір бунтарьға шамаларың келмеген... Ну-ка, келтіріңдер Батақовты, көрейік, - деді губернатор (Б.Тәжібаев, Қараторғай).
2. ауыс.жағымды. Қалыптасқан тәртіпті сынмен қабылдайтын, өзіндік ерекшелігін жасырмайтын адам мағынасында.
Аймалар құшып ел-ана,
Мұсасын, «бунтарь баласын».
Құшағын ашып жер-ана,
Гүлімен жазар жарасын! (Ж.Молдағалиев, Жыр.).