БУРА

lat: BÝRA

зат. Айыр түйенің келеге түсетін еркегі; аталық түйе.

Көрінер інген сұлу бурасымен,

Көрінер бура сұлу шудасымен.

Жүректі елде жігіт толып жатыр,

Сен жігіт, шыныңды айтшы, ұрғашы ма ең? (Айтыс).

Буралар көбік шашып, тісін қайрап,

Боталар боз інгеннің күйін сайрап,

Жарысып жабағы, тай, айғыр азынап,

Алысып асыр салды салып ойнақ (Н.Ахметбеков, Амангелді).

Асыл бір аяғымен бураның желкесінен басып тұрып жазағашқа байланған айылқұрдың бірін шешіп алдыңғы екі аяғын мықтап тіздеп тастады (С.Балғабаев, Шөл.).

Қалмақ түйесі тұқымының бураларын қазақ түйесі тұқымын асылдандыра беру үшін пайдалануға болады (И.Жұмағұлов, Түйе өсіру).