БУРА

lat: BÝRA

[ар. burak] зат.хим. Құрамында 11 пайыз боры бар, ақ кристалды тұз; бор қышқылды натрий.

Бейнені айқындауды тездету үшін, сода мен поташ, бура, күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий қолданылады (Б.Тілекметов, Фотосурет.).

Бұлар болмаған күнде сода (көмір қышқылды натрий), бура (бор қышқылды натрий) және фурациллин ертінділерімен де шаюға болады (М.Исамбаев,.. Мед. анықтама).

Ақтөбе комбинаты жылына мыңдаған тонна бура, бор қышқылы және магний тыңайтқыштарын өндіреді («Халық мұғ.»).