БУРА

lat: BÝRA

зат.көс. Қамыстан, ірі қурайдан істелген су бөгейтін зат; буылған қамыс, қурай, шөп-шалам.

Бір аяғым шлюздің үстінде, су жарып кеткен жерге бура тастап тұр едім, төмен ұшып кетіппін (З.Шүкіров, Ізғілік.).

Өзімді суға ала түскен бура қаңбақтай ұшырып апарып, қабырғаға жаныштаған сәт есімнен айырылып қалыппын (З.Шүкіров, Ізгілік.).