БУЫЛ

lat: BÝYL

ет. 1. Төрт бұрышты заттың төрт жағынан орай айқастырылып байлануы.

Кулевакин буылған қағазды газетке орап, шығып жүре берді (С.Ерубаев, Менің құрдас.).

2. Ұзын заттың орта тұсынан орай тартып байлануы.

Қора ішінде тең-тең болып буылған жүктер мен екі-үш чемоданды әп-сәтте машинаға тиеді (К.Тоқаев, Тасқын).

Буылған шырпылар мен қамыстарға адамның көзі тұнады (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).

3. ауыс. Бір нәрсенің кедергіге ұшырап, қысылып бөгелуі, тоқтап қалуы. Су басынан буылады (Мақал-мәтел).