lat: BÝYNDY
сын.1.әдеб. Буыннан тұратын.
Жамбылдың өлең-жыр үлгілері - жеті буынды жыр мен он бір буынды қара өлең өлшеулері (Е.Ысмайылов, Ақындар).
Поэманың басталған жерінде екі жолдық, егіз ұйқасты, сегіз буынды өлеңдер бар (М.Қаратаев, Туған әдеб.).
2. лингв. Бір немесе бірнеше буыннан құрылған .
Тіліміздегі сөздер бір буынды не көп буынды болып келеді (ҚҰЭ).