Бөгеттерді аршу жасағы

lat: Bógetterdi arshý jasaǵy

әск. Жергілікті жерлерді миналардан, жарылмаған снарядтардан, авиациялық бомбалардан, фугастардан тазарту үшін құрылатын арнайы әскери құрылым.

Бөгеттерді аршу жасағының құрамы өтеуге қажет бөгеулер мен қиратулардың сипаты мен түріне, жергілікті жердің жарылғыш заттармен толу дәрежесіне және басқа жағдайларға байланысты (Қаз. тілі термин. Әскери.).