армияның 5-10 солдаттан жасақталатын ең төменгі тактикалық-жауынгерлік күші. Оның атқыштар (жаяу әскер), пулемет, миномет бөлімшесі, т.б. түрлері болады. Бірнеше бөлімшеден взвод құралады, бөлімшені әдетте кіші командир — сержант басқарады. Арнаулы бөлімшелер (пулемет, миномет, байланыс бөлімшелері) жауынгерлік міндеттерін көп жағдайда атқыштар бөлімшесімен бірлесе отырып орындайды.