lat: Bólshevık
ор.зат.сов.тар. Большевизм жолын ұстаушы, соны жақтаушы, коммунист.
Демек, большевиктердің па- йымдаулары нағыз өмірдің өз көрінісінен туындамайды, «таптық сұраныстардан» туындайды (М.Шоқай, Таңд.).
Бастағы «бағалының» базары айнып,
Бақсының секілденді құр қобызы.
Большевик бастап алға еңбекшіні,
Жаһанға жария болды білім тұзы (О.Шораяқов, Шайыр).
Аралап Алматыны аз күн жатып,
Тәртіптеп большевиктің жолын айтып,
Қаратып патшалардың суреттерін,
Ту тігіп орақ-балға жалтылдатып.
Басқарып барлық жағын байқап өзі
Кетіпті Сарыарқаға шеру тартып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).