Шумлянский-Боумен капсуласымен қоршалған қан капиллярлары шумағы, пішіні домалақ құрылым. Сүт қоректілер мен құстарда бүйректің қыртысты қабатында орналасады. Шумақта капиллярлардағы қанның сұйық бөлігі сүзіліп капсулаға өтеді де, белоксыз ультрафильтрат (алғашқы зəр) түзіледі. Адам бүйрегінде 1 млн. жуық, ірі қарада – 8 млн., қойда – 1 млн., шошқада – 1,5 млн., итте – 420 мың, егеуқұйрықта – 30800 шумақ болады.