Бюджет

lat: Búdjet

з а т е с і м. э к о н о м и к а л ы қ. 1. Орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс-шығыс балансы. Б ю д ж е т т і ң пайда болуы, мемлекеттің дамуы оның қаржы ресурстарына деген сұраныстың артуымен тікелей байланысты (ҚҰЭ). Б ю д ж е т бойынша, шығыстың кірістен асып түсуі бюджет тапшылығын туындатады, ал оның көлемі жалпы ішкі өнімге не ұлттық валютаға шағып көрсетіледі (ҚҰЭ). Үкіметтің қазына жинау әм ол жинаған қазынаны түрлі керекті істеріне жұмсау ісін, қысқартып айтқанда, кіріс-шығыс ісін - б ю д ж е т дейді (С.Сейфуллин, Шығ.). 1961 жылға арналған Мемлекеттік б ю д ж е т туралы заңды оқып отырғанда менің көз алдыма миллиардтаған сомдар елестейді (С.Сейітов, Жылдар.). 2. и н ф о р м а т и к а л ы қ. Белгілі бір уақыт аралығында компьютерде жұмыс істеуші (жұмыс істеушілер тобы) пайдалана алатын компьютер ресурстарының көлеміаз. тілі термин. Информатика.).