БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ

lat: BúdjetTİ JOSPARLAÝ PRINSIPTERİ

сабақтастық принципі республикалық және жергілікті бюджеттерді, ҚР Ұлттық қорына жіберетін бюджет түсімдерін өткен және ағымдағы қаржы жылдары бағдарламаларының іске асырылуы мен бюджеті атқарылуының тиімділігін бағалау нәтижелерін ескеріп, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының, өткен кезеңде негізге алынған орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттарын сақтай отырып жоспарлау; басымдық принципі республикалық және жергілікті бюджеттерді республиканың немесе өңірдің алдағы орта мерзімді кезеңге арналған стратегиялық және әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау; негізділік принципі бюджетті нормативтік құқықтық актілер және бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігі; шығыстардың мұнайдан түсетін түсімдерге тәуелділігін азайту принципі мұнайға қатысты емес секторды нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшерін азайту (2004 жылғы 24 сәуірдегі 548 ҚР БК 69-бап)