Бюджеттік

lat: Búdjettik

с ы н есім. э к о н о м и к а л ы қ. Бюджетке тән, бюджетке қатысты. Кірісығыс есебіне қатысы бар. Он үш мектептің жанынан б ю д ж е т т і к және қоғамдық интернаттар ұйымдастырылып, оларда 100-ден астам балалар тәрбиеленіп келеді («Қазақст. мұғ.»). Есеп комитеті Ауылшаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетіндегі тоғыз б ю д ж е т т і к бағдарламаның атқарылуын бақылау барысында республикалық бюджет қаржысының жұмсалуы мәселелерін реттейтін б ю д ж е т т і к және өзге де заңнамалар талаптарының бұзылғанын анықтады («Егемен Қазақстан"). Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін өте ұзақ жұмыс және айтарлықтай б ю д ж е т т і к инвестицияны тарту қажет («Егемен Қазақстан"). Б ю д ж е т т і к желінің орналасуы ақшалай табыстан тәуелді болады (Б.Жүнісов,.. Нарық. экон. негіз.).