Бүгулі

lat: Búgýli

с ы н  е с і м. 1. Түзу қалпында емес, бүгілген, иілген.

Балалардың тізесі б ү г у л і, ұйыса да жазуға болмайды. Стол жоқ, қолдары талғанда кітап, қағаздарын санына қойып оқиды (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).

Егер тасбақа тас қабық ішіндегі б ү г у л і аяқтарын жазуы қажет болса, онда екі бас бір-біріне қарап екеуі бір мезгілде аяқтарға "көсіл" деп бұйрық береді (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.).

Өмірбек пен Жамал тұтқындарға қадала қарап тұрды. Тұтқындардың басы б ү г у л і (Б.Майлин, Шығ.).

2. а у ы с п а л ы  м а ғ ы н а. Айқын емес, жасырын, құпия.

Соңғы кездері жұлдыздар түкпірінде б ү г у л і қалған оқиғалар бейнесі әлсінлсін түсіме кіріп, қинай береді (Т.Шаханов, Көгілдір.).