Бүгін

lat: Búgin

ү с т е у. 1. Бұл күн, осы күн.

Б ү г і н жатып түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім (Базар жырау, Шығ.).

Баласы құрдас еді қонған үйім.

Тамаққа бір күн барып тойған үйім,

Қарағым, б ү г і н шөпке барып жат деп,

Үстіме бермек болды жылы киім (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Ақпан еді бүріккен үскірігін,

Шырылдатып бұрқасын ысқырығын.

Ес білгелі ең алғаш жылағаным,

Кешіргейсің, есіме түсті б ү г і н (М.Мақатаев, Шығ.).

Бақытты ел, жеттің б ү г і н мұрадыңа,

Бақыттың әні келед құлағыңа,

Әперген жаңа заң мен жаңа заман,

Құтты болсын айтамын ұраныңа (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

2. Осы кезде, қазірде.

Халқымның б ү г і н дарқан мерекесі,

Көлдария молшылықтың берекесі (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Шырағым сөнген кеше, жанды б ү г і н,

Разымын депті мынау құдіретке (Базар жырау, Шығ.).

Ынтығып ыңқылменен, күңкілменен,

Жеткізіп айту қиын құр тілменен,

Б ү г і н маған жиырма керек боп жүр,

Алдында хор қызының іркілмеген (М.Мақатаев, Шығ.).