lat: Búkilodaqtyq
с ы н е с і м. Т а р и х и. Барша одаққа ортақ, жалпыодақтық.
Республикалық әдеби, драмалық шығармаларға арналған ашық, жабық конкурстар мен мүшайралардың жеңімпазы. «Жарыстан соң жарыс» кітабы 1989 жылғы б ү к і л о д а қ т ы қ II балаларға арналған үздік шығармалар конкурсында арнайы дипломмен марапатталды («Парасат»).
Құстарға білезік салатын б ү к і л о д а қ т ы қ бюроның деректеріне қарағанда, 20 мың білезіктелген үйректердің біреуі ғана 20 жылға дейін өмір сүреді (Р.Әлімбаев, Құстар.).
Осындай ұлы мақсаттың жолында жүргенде, б ү к і л о д а қ т ы қ көлемде кәсіподақтардың рөлі, жаңа экономика саясатын жүргізу, әсіресе индустриализациялау, басқа да ірілі-уақты мәселелер жайында, әсіресе, В.И.Ленин дүние салғаннан кейін партияның бас хатшысы И.В.Сталинге шабуылды күшейткен Л.Д.Троцкийге Сәкеннің құрметі азая қойған жоқ сияқты («Жас Алаш»).