lat: Búldirgen
з а т. ө с і м д і к. 1. Желісі жер бауырлай түп-түп болып өсетін ұсақ жидекті өсімдік, қойбүлдірген.
Аман бол тоғайдағы тораңғыл тал, Ішінде б ү л д і р г е н мен жидең де бар (Бес ғасыр.).
Б ү л д і р г е н мен бүрген шөп,
Түлік мал жеуге таң қылған.
Ермен менен ебелек,
Басына қонар көбелек (К.Әзірбаев, Тойбастар).
2. Раушан гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл.
Б ү л д і р г е н жапырағының жемісі халықтық медицинада кеңінен қолданылады (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).
Б ү л д і р г е н д е р бұтағы арқылы көбейеді. Б ү л д і р г е н д е р - балшырынды және дәрілік өсімдіктер (ҚҰЭ).
3. Осы өсімдік сабағындағы қара қошқыл, көкшіл түсті бұжыр-бұжыр келген жидегі, жемісі.
Қарбыз, қауын, қияр, б ү л д і р г е н және басқа жер жемістері айтыпты: «жұртқа біздің пайдамыз көп; олай дейтінім адамның бәрі де бізге жеңсік; сол жеңсіктігінің өзі біздің пайдамыз зор болғандықтан таңсық болуларын көрсетеді» деп (А.Байтұрсынұлы, Оқу құралы).
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан б ү л д і р г е н
Сұғынсаң тояр ма екенсің? (Дулат Бабатайұлы, Замана.).