БУЛЬДОЗЕР

lat: Búldozer

[ағыл.bulldozer] зат.тех. Жер қыртысын тегістейтін қалың пышақты, ысырғыш қалқан орнатқан мәшине.

Бұған мысал ретінде Қазақ ССР Ғылым академиясының Тау-кені істері институтының қызметкерлері бульдозермен аршу жұмыстарын атқару кезінде шаң шықпас үшін көбік түзгіш заттарды пайдаланатын шаң басқыш гидроқондырғы жасап шығарады (Т.Қалыбеков, Экология.).

Сонымен қатар топырақ алынатын жердің үстіндегі қыртысы бульдозермен қырып тасталады (М.Сабыров, Бөгет салу.).

Алдымен село төңірегіндегі шилеуіттер мен төбешіктер бульдозермен қопарылып, жаңа көшенің жобасы жасалынды («Лен. жас»).