адам құрамын, соғыс объектілерін жасыру мақсатымен әскерлердің орналасқан жері, саны, күш-құрамы, қимылы мен мақсаты туралы жауды шатастыру үшін қолданылатын соғыс қимылдарының бір түрі. Бүркеме ойлағандай іске асуы үшін мынадай шаралар жасалады: шындығында бар объектілерді жасырып, жалған объектілер құру, олардың сыртқы белгілерімен неге арналғандығын өзгерту, жаудың техникалық барлауына арнаулы кедергілер жасау; жердің табиғи бүркемелік жағдайын пайдалану; әскерлердің орнын, басқару пункттерін, ракеталық объектілерін мезгіл-мезгіл ауыстырып отыру. Әскерлер мен объектілерді техникалық бүркемелеудің негізгі амалдары: бүркеме киім-кешек, бүркеме бояу (байқалмайтьш, ұқсамайтын, түрін-түсін өзгерту); бүркеме өсімдіктер (ағаш бұталарын бір орыннан бір орынға ауыстыру, ағаш бұтақтарын жерге шаншу); декорациялық, жарық, түтіннен жасалған, пиротехникалық және дыбыстық бүркеме. Техникалық Бүркеменің радиотехникалық және радиолокадияға қарсы қолданылатын түрлері де бар. Бүркемені қолдана отырып, өз әскерлерін тұтқиылдан әрекет жасаудан, адам құрамының және соғыс техникасының көп шығынға ұшырамауын қамтамасыз етеді.