Бүркемелі

lat: Búrkemeli

с ы н есім. 1. Көзден қағаберіс, тасалау, жасырын.

Бірақ сайдың қабағының нақ астында, өкпе тұсында, жағалай жатқан қызыл жауынгерлерді де, жыра ішіндегі б ү р к е м е л і екі пулеметті де байқай алмады (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).

Ол суырлардың қулықпен істеп қойған б ү р к е м е л і, қосалқы індері еді (А.Хангелдин, Алғыс).

2. Астарлы (сөз).

Мұндай б ү р к е м е л і сөздерді біз жақсы түсінеміз және оның тамыры қайда жатқаны бізге мәлім (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.).