lat: Búrkit
з а т е с і м. 1. Таулы, далалы жерде мекендейтін тегеурінді, имек тұмсық жыртқыш құс.
Біреуі - көк, біреуі - жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар - аппақ, б ү р к і т қара, түлкі қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға (Абай, Тол. жин.).
Алдында түлкі көлеңдеп,
Аспаннан б ү р к і т төмендеп,
Атқан оқтай аққанын.
Аңшының бәрі жарысып,
Келсе ақиық қарысып,
Түлкіні алып жатқанын (М.Дулатов, Шығ.).
Б ү р к і т т е н қыран құс болмас,
Баулуы жетпей бәрі алмас.
Бидайлықтан алғыр құс болмас,
Бұйырмаса екеу түгіл бірді алмас,
Сұңқардан сұлу құс болмас,
Қауырсыны қатпай ұша алмас (Шернияз).
2. з о о л о г и я л ы қ. Сұңқар тәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын тегеуріні қатты ірі жыртқыш құс.
Б ү р к і т Еуразияның, Солтүстік Африканың, Солтүстік Американың орманды және таулы аймақтарында кеңінен таралған, ұясын биік ағаш басына, таудың жартасына салады (Қаз. тілі термин. Биология).
Б ү р к і т суыр, қоян, түлкі, борсықты кейде тышқан мен саршұнақты, тасбақаны, тұяқты жануарлардың (ақбөкен, елік, қарақұйрық) төлдерін жейді (ҚҰЭ).
Қазақстан Республикасының Туындағы б ү р к і т бейнесі азаттық айбыны ретінде бейнеленген (ҚҰЭ).