атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерініғі еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бұл байланыстар тұйықталған, иерархия заңдылықтарына сай жүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін қалыптастырады. Бюрократия кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару құрылымдарының, мекемелердің, фирмалардың туа бітті қасиеті. Кез келген мемлекеттің аппараты бюрократиялық өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік, шаруашынық, құқық қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдарға «қондырылған» болып шығады. Бюрократияның қоғамдық-экономикалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар. «Қанцелярия билігі» мемлекеттік билік жүйесінен, оның табиғатынан қашан да тәуелді болады. Билік аппаратын бюрократизациялау мен қоғамдағы демократияның шынайы жағдайының арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бюрократияға арнайы талдау жасаған Гегель. Оның теориясын К.Маркс дамытты. Бұл мәселе, сондай-ақ М. Вебердің, Т. Вебленнің, Р. Мертонның және т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелді.