БЮРОКРАТИЯ

lat: Búrokratıa

(француз тілінен bureau және грек тілінен kratos, сөзбе-сөз «кеңседегі үстемдік» дегенді білдіреді) орталықтандырылған үкімет органдарының қолында барлық билік шоғырланған елдердегі мемлекеттік басқару. Бұл үкімет аппараты шенеуніктері мен басшыларының шексіз билігін білдіреді. «Бюрократия» термині жағымсыз сипатта болып келеді де, авторитарлық жүйелерге тән болады. Демократиялық қоғам бюрократияның жағымсыз сипаттарын шектеуге немесе еңсеруге бағытталған басқару және бақылау формаларын жасауға ұмтылады.