Бюрократиялық

lat: Búrokratıalyq

с ы н есім. Бюрократияға тән, бюрократияға қатысты. Егер саясаттану ортасында посткеңестік мемлекеттің б ю р о к р а т и я л ы қ табиғаты мен шенеунікшілдік біржақты тұрғыда теріс қабылданатын болса, мемлекет басшысы шенеуніктерді «қалаларды астанаға айналдыратын, мемлекеттің мүддесі мен келешегі үшін астаналық өзгерістер жасай алатын бір күш деп санайды («Егемен Қазақстан»). Б ю р о к р а т и я л ы қ билікке, қоғамға, адамдарға ықпалы ашық немесе жабық түрде болады: ашық бюрократиялық ісрекет азаматтардың мәлімет алуға құқығын, бұқаралық ақпарат құралдарының сөз бостандығын өз жұмысының жариялылығы мен тиімділігінің кепілі ету [...] (ҚҰЭ).