lat: Býhgalterıa
зат. 1. Есеп-қисап жүргізудің (есептеу, есепке алу) теориясы мен практикасы. Бухгалтерия курсы.
2. Белгілі бір мекеменің, ұйымның, шаруашылықтың есеп-қисап жүргізетін бөлімі.
- Қазір Жер- су Комиссариатына баратын тығыз жұмыс болып қалды. Бухгалтериядан Сәменді шақырыңыз (С.Бегалин, Уақыт.).
Бухгалтерия бөлмесінде тірескен столдар, әр столда жайылып делолар жатады (С.Алдабергенов, Әңгім.).
Бухгалтерияны бас бухгалтер, ал штаттық кестеде мұндай лауазым қаралмаса, аға бухгалтер басқарады (ҚҰЭ).