lat: Býlyǵý, tyǵylý, tunshyǵý, bastyǵyrylý
Адамның тынысы тарылып, азапқа түсуі.
Үйде шаршап ұйықтағаннан ба, булығып, денесі дел-сал болып шығып еді (А. Нұрманов).
Нағи дауыстап жібере жаздап еді, бірақ үні тығылып шықпай қалды (3. Шүкіров).
Оның кеудесінен ап-ауыр бірдеңе басып, тұншығып барады (Р. Тоқтаров).
Шалдың екі қолы ербендеп, бастығырылып жатқанын көріп, кемпірі оятып жіберді (Ә. Кекілбаев).