БУРЯТ ТІЛІ

lat: Býrát TİLİ

моңғол тіліне жатады. Төрт аймақтық диалектісі бар: батыс (бұлағат-эхирит), аралық (алар-тұнкің), шығыс (хорин), оңтүстік (цонгол-сартұл). Лексикасында: орыс, тибет, қытай, түркі, тұңғұс-манжур сөздері бар. ХҮІІ ғасырдың аяғында буряттар көне моңғол жазуын білген. 1931 жылдан бастап латын, 1939 жылдан бастап орыс графикасында жазады. Қазіргі әдеби тілінің негізі хорин диалектісі.