БІЛІКШЕ

lat: BİLİKSHE

сырлау жұмыстарында бояу жағылатын бетке лак-бояу материалдарын біртегіс жайып, жағуға арналған құрал. Білікшенің корпусы әдетте тығыздығы жоғары полиэтиленнен немесе алюминий қорытпаларынан (эпоксидті шайыр (қарамай) не бакелитті лак сіңірілген картонды пайдалануға да болады); мойынтіректері полиэтиленнен (немесе басқа да соққыға төзімді пластмассалардан), болаттан не алюминий қорытпаларынан жасалады.