тұлғаның белгілі бір жүйемен қалыптасқан ұғымдарының, деректері мен пайымдарының т.с.с. мәселеге немесе құбылысқа байланысты нәтижесінің жиынтығы. Білім ақыл-ойдың іс-әрекетін объективті шынайылықты тәжірибе арқылы бейнелеп дәлелдеуге жетелейді. Білім сана, танымдық үрдістер, ақиқат, ғылым т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар арқылы анықталады. Білімді танымдық деңгейіне қарай, шындықты жан-жақты қамтуына, терең мәніне, жете бейнеленуіне, дәйектілігі мен дәлдігіне қарай мынадай түрлерге бөледі: тұрмыстық білім, ғылымға дейінгі білім, ғылыми білім, эмпирикалық білім және теориялық білім. Білімнің қай түрі болсын, адамзат тәжірибесінің негізінде дамиды. Білімді психологиялық тұрғыдан зерттеген ғалымдар: Т.Куни, М.Полани, М.Лютер, И.Фихте, Б.Еникеев, А.Пятигорский (1966), Н.Мусхелишвили мен Ю.Шрейдер (1998), В.П.Зинченко т.б.