БІЛІМ БЕРУ

lat: BİLİM BERÝ

тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін дамытатын, дағдылар мен танымдық үйренулерді қарастыратын ғылыми білім жүйелерін меңгеру үрдісі мен нәтижесі түрлі деңгейлер мен бағыттылықтағы мемлекеттік стандарттар және білім беру бағдарламалары мен оларды іс жүзіне асыратын жүйелерінің жиынтығы. Білім беру тұлға психикасының жанжақты дамуын қалыптастыратын дағдылар, үйренулер және білімнің, шығармашылық жұмыс тәжірибелері, эмоционалдық-еріктік қатынастар тәжірибесінің психологиялық-педагогикалық бейімделген жүйесі; оқыту кезінде оқушының меңгеруге тиісті тәжірибелік үйренулер мен дағдылардың, ғылыми білімнің, әдепэстетикалық идеялардың жүйесі, яғни психиканы дамытудың негізгі жолдарының бірі.