БІРІ

lat: BİRİ /244/

есім. 1 . «Біреуі» д.м. белгісіздік есімдік .

Неменеңе жетістің, бала батыр?

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр (2,129).

Бірі Батыста, Бірі Шығыста,

Жарқ етіп сөнген жасындай,

Өтуі мүмкін жақсы мен жақсы қосылмай (3,126).

2 . «Ешқайсысы» д.м. белгісіздік есімдігі .

Ақ қыздар, бәріңді де тұнық көрдім,

Жасқанып жанарлардан бұғып келдім.

Біріңнің арыңа ақау түсірмедім,

Шыққанша қырқасына қырық белдің (2,66).

Көрдің бе таң мен түннің соғысқанын,

Жарық пен қараңғының тоғысқанын?

Мен көрім, көрдім дағы тек отырдым,

Дем беріп біріңе де болыспадым (2,278).