БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ

lat: BİRİKKEN ULTTAR UIYMY

(ағыл. United Nations Organization) БҰҰ, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жəне нығайту, өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында егемен мемлекеттердің өз күштерін ерікті түрде біріктіре отырып, 1945-ші жылдың 26-шы маусымында Сан Франциско қаласында құрған халықаралық ұйымы. Өз Жарғысында бекітілгендей БҰҰ мақсаттары бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, бейбітшілікке төнген қауіпті болдырмау жəне оның алдын алу, шапқыншылық əрекеттерге тыйым салу, халықаралық шиеленістерді бейбіт жолмен реттеу жəне шешу, ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастар мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, осы мақсаттарға жету жолындағы мемлекеттердің келісе атқарған іс-əрекеттеріндегі орталықтың рөлін арттыру болып табылады.