БІРІНШІ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТІЛ

lat: BİRİNSHİ QOLDANYSTAǴY TİL

билингв меңгерген қолданылуы ең жиі екі (немесе одан да көп) тілінің бірі. Бірінші қолданыстағы тіл рөлін билингвтің ана тілі атқаруы да, керісінше, егер сөйлеушінің өмірлік қажеттіліктеріне сәйкес ең жиі қолданатын екінші тілі орындауы да мүмкін. Қатынастың түрлі салаларында бірінші тіл рөлін әртүрлі тілдер атқарады, мыс., бейресми қарым-қатынас салаларында, отбасылық қатынаста, билингв ана тілін пайдаланса, ресми салаларда (кәсіби қызмет т.б.) Бірінші қолданыстағы тіл екінші тіл болып табылады.