БІРТҰТАМ

lat: BİRTUTAM

бір қолымен сығымдап ұстағанда төрт бес еліге тең ұзындық өлшемі. Бұл өлшем тағы басқа да дәстүрлі өлшемдермен қатар қазақтың тіршілікқамы жүйесінің барлық салаларында қолданылды. Мысалы, қамшы сабының ұз. екі-үш тұтамнан кем болмау керек, ал, қамшының басы сабынан бір тұтамға ұзын жасалуы керек деген сияқты.                                            Сондай-ақ қысқа, келте, аласа, пәс деп келетін шағын заттардың немесе құбылыстардың метафоралық эквиваленттері ретінде де қолданылды. Мұның айқын мысалы ретінде «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» депкелетін белгілі мақалды келтіруге болады. Мұнда біртұтам ұғымының қолданысы аллегориялық, метафоралық тәсілі арқылы алдаудың, өтірік айтудың «ғұмырының» тым келте екендігін көрсетіп отыр.