БІЗ

lat: BİZ

тері, қайыс, былғары, ағаш бұйымдарды тесіп, таспамен, тарамыспен тігуге, өрнек салуға арналған ұшы өткір құрал. Ерте кезде бізді мүйізден, сүйектен, жабайы жиденің, бұтаның үшкір, қатты салалы тікенектерінен жасаған. Қазақ шеберлері күні бүгінге дейін кәрі жіліктің құрығынан жасалған біздерді пайдаланады. Біздің тебенін ағаш, мүйіз сапқа бекітеді.                  Сабы жарылып кетпеу үшін, сағақ тұсын мыс немесе жез сақинамен құрсаулайды. Бұл біз мойнағы. Бізді жұмыс ыңғайына қарай тігіс біз, шеге біз, таспа біз, ілмек біз, кесте біз, үскі біз деп бөледі. Қармақ біз кәрі жіліктің шыбық сүйегінен, жарып алынған жіліншіктің қыр сүйегінен егеліп істелетін тоқыма құралы. Өрнек салғыш бізді жорға біз деп атайды. Біздің жалманы неғұрлым кішкене, жіңішке ғып кесте ырғағымен түседі. Күміс біз тез мұқалғыш келеді.