Би алаңы

lat: Bı alańy

Би билеуге арналған жер.

Ол он сегізден аса, ернін ал қызыл етіп бояп, кешке би алаңдарына баруды әдет етті (І.Есенберлин, Шығ.).

Қойныңды, Комос, аш, кені, Қабылда Жердің адамын! Билейтін жердің жастары Жасаймын бидiң алаңын (М.Мақатаев, Шығ.).

Кенжегүлдің жанында жататын жігіт екі-үш күнге қаладағы танысына кетті де, ол бір бқлмеде жалғыз өзі қалды. Кешкісін демалушылардың бір тобы би алаңына, енді біреулер теледидар көруге, тағы біреулері киноға кетеді (С.Досанов, Тау жолы).