Би кеңесі

lat: Bı keńesi

тар. Дәстүрлі қазақ қоғамында өкілетті негізде қызмет атқарған ең жоғарғы кеңесші орган .

Достық, қастық қолынан

Екеуі де келе алмас

Біреу айдап зорлаған.

Балаң әдеп біле алмас

Сабақ алмай молдадан.

Бикеңесі келіспес

Үлгі көрмей ордадан (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Билеркеңесіне хан, сұлтандар, үш жүздің елге сыйлы, «қара қылды қақ жаратын» әділдігімен даңқы шыққан билері, батырлары қатысқан (ҚҰЭ).

Ел ішіне биліктілігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, айыр тілді Әйтеке би т.б. саңлақтар хан жанындағы билер кеңесінің құрамына енді (ҚҰЭ).

Төскейге орда орнатып,

Төрткілдеп ошақ қаздырып

Төбел бие сойғызып,

Төменде бидің кеңесін

Бізде құрар ма екеміз?!

Құлаты тауға қол салып.

Сондықтан оғын мол салып,

Бетпақтың ен бір шөлінен

Төтелеп жүріп жол салып

Қолды бір бастар ма екеміз!? (Ақтамберді жырау [Сарыұлы] // Алдаспан).