Бибі, бикеш, бике, ханым

lat: Bıbi, bıkesh, bıke, hanym.

Әйел адамға қарата айтылатын ізет атауы.

Әкесі мен шешесі ажырасып кеткен қыз сегізжылдықты бітірісімен бибілер әзірлейтін оқуға түсуге мәжбүр болған (Ә. Тарази).

Көп кешікпей сізге бір сұлу бикеш қонаққа барады, жақсылап қабылдап, қарсы алыңыз (Б. Момышұлы).

Сұлу бикенің шабарманы қара торы жігіт жанымдағы көкбестіге міне сала бір топ қыз-бозбалаға қарсы шапты (I. Есенберлин).

Ләтифа ханым толық денесіне шәркез нәзіктік көрсетіп, келіншекше майысты (Т. Әлімқұлов).