Әдебиеттанудың жанама тарауы: әртүрлі пәндер бойынша кітаптарға, зерттеулерге анықтама-мағлұматтар беретін көмекші құралдар жасайтын жинама ғылым саласы. Кең тұрғыда алсақ, библиографияға мыналарды жатқызуға болады: Белгілі мәселеге немесе автор шығармаларына байланысты әдебиеттердің көрсеткіші. Библиографиялық қызметтің методикасы мен теориясын жасайтын ғылыми еңбектер. Жарияланған, басылып шыққан баспалар жөніндегі пікірлер орналасқан газет, журналдардың бөлігі. Библиографиялық құралдың ең басты міндеті оған енген еңбектерді дұрыс іріктей білу. Бұл— аталған кітаптың мақсаты мен сол кезеңдегі оқырмандардың талғамымен санасудан туған. Библиографиялық құралдарға енген шығармаларға сипаттама берудің қалыпқа түскен қатаң тәртібі бар. Олар белгілі бір мағлұматтардың жүйелі жиынтығын құрайды (авторы, кітаптың аты, баспасы, басылған жері, уақыты, көлемі т. б.) Жетпісбаева А.