lat: Bıblıografıa
[грек. biblion- кітап және grapһо - жазу] зат. Баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы.
Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылым мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философиялық және эстетикалық көзқарастарды, техникалық жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады (ҚҰЭ).
Мәдениеттің аса маңызды салаларының бірі - библиография («Қаз. әдеб.»).
Шынында библиография дегеніміз - әлдеқандай тізім емес, көздің майын тауысып, көмескі тартқан ескі қағаздарға үңілумен жасалған ғылым («Қаз. әдеб.»).