мед. Биік тауға шыққанда не ұшақпен жоғары көтерілген кезде ауада оттегінің үлестік қысымының күрт төмендеп кетуінен болатын сырқат. Биіктік ауруы - екі мың метрден астам биіктіктегі ландшафты-климаттық аумақтардың ерекшеліктеріне байланысты ауру (Қаз. тілі термин. Экология). Биіктік ауруына ультракүлгін радиациясының жоғарылығы, температураның төмендігі, ауа қысымының төмендігі, атмосферадағы оттектің азаюы себеп болады (Қаз. тілі термин. Экология).